Шабал Бейсекова – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Шабал Бейсекова» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2151
Кешегі Шабалымыз қандай еді...
Өмірге бақыт қосар жандай еді.
Жайлы мінез жанының жазирасы,
Адалдық, нысапшылық маңдайы еді.
Сарыарқа, Ақтау, Ортау көктің көлі,
Перзентім деп мақтанар енердегі;
Сахнаның саңлағы еді Шабал,
Асыға күтетұғын көрермені.
Көтерсе де нелер бір ауыр жүкті,
Саспай-таспай жайлы ұстап өзін тіпті;
Менменсіген күні еш болған емес, —
Үлгі аларлық өр кеуде кейбір «мықты».
Көріп өстік күміс көл аққуларын,
Тыңдап өстік аққудың «Гәкку» сазын.
Кеше ғана аққу боп «Гәккуді» айтқан
Кім ұмытар Шабалдай өнерпазын.
О дүние жазуы ғой бір Құдайдың,
Келмейді оны ойлап құр мұңайғым.
Күләш, Шабал, «Гәккуді» жәннаттарда
Тыңдатар ма ең өзіне Ыбырайдың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабал Бейсекова өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Шабал Бейсекова өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабал Бейсекова өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабал Бейсекова өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері