Ағажан – жалғыз бауыр – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Ағажан – жалғыз бауыр» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған бауыр туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1222
Бір жазмыштың жазуы болар, сірә,
Бұйырғаны алшақтау мекен-тұрақ.
Бірге тумақ болғанмен, бірге өлмек жоқ,
Жүретінім ол ырас, жалғызсырап.
Ағатайым, ағажан, жалғыз бауыр
Тай-құлындай бірге өскен қатар шауып.
Аға берген тағдырыма ризамын,
Бір тәңірден сұраймын аман-саулық.
Дастарханым ортаймас, тәңір жазса,
Достарым да сейілмес пейіл барда.
Топты жанның ішінен жәутең қағып
Сағынатын өзіңді құйттай жүрек болмаса!
Ағатайым, аңсатқан жалғыз бауыр,
Сағындырмай, оралып жүрмейсің бе?
Шаңырағы әкенің - туып-өскен мекенің
Ұмытпашы, ағажан, жайлы жұмақ екенін!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері