Жыл өтті жылға қуған бұлақтайын – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жыл өтті жылға қуған бұлақтайын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1036
Жыл өтті жылға қуған бұлақтайын,
Уақыт сырғымалы сынаптайын.
Тағдырдың шоқпарынан сағы сынған,
Көк дөнен көңілімнен жырақ пайым.
Білмеймін, көтеріле алар ма екен,
Зілмауыр тауқыметі тарар ма екен.
Бұлағы бақ-дәулеттің іркіліп тұр,
Тағы да буырқанып ағар ма екен.
Аспанды шым-шытырық торлаған бұлт
Қабағын шуақ келіп жазар ма екен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері