Күндидарлым – Мерей Қартов

Бұл бетте «Күндидарлым» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Көзде - үміт,
Сөзде - сәуле,
Ойда - нұр.
Жүрегімді лүпілдеттің, ұяңым.
Алақайлап жұлдызға бір, Айға бір,
Кең әлемді кезіп кетті қиялым.

Табысқалы...
Алыстады бар мұңым.
Баға жетпес бақыт таптым орасан.
Жадырайды шуақ шашып әр күнім,
Күндидарлы ақ жүзіңе қарасам.

Мына қала екеумізбен сүйкімді,
Көшелер де ән салады көңілді.
Қандай ғажап ғұмыр кешу сиқырлы
және шексіз сүю тылсым өмірді!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері