Жанартауым бар алда – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жанартауым бар алда» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Сенем бұған – жанар бағым бар алда,
Бүгін жас боп үйірілген мұңдарым
Қуаныш боп тұрар ертең жанарда,
Жанар бағым, сенем соған – бар алда!
Менің талай атар таңым бар алда,
Шаттық үшін мен өмірге жаралғам!
«Бітті, болды» деп жүргендер, кешіңдер
Жанартауым атылатын бар алда!
Менің әлі жанар бағым бар алда,
Қалғаным жоқ елсіз, күнсіз аралда.
Шапағатын бір тәңірім түсірсе,
Жетер деп біл маған, саған, оған да!
Менің әлі жанар бағым бар алда...
Менің талай атар таңым бар алда...
«Сүріндірдік» деп жүргендер, кешіңдер
Жалын болып лапылдауға жаралғам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері