Жұбанбай-ақ қояр ем – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жұбанбай-ақ қояр ем» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Жылағаннан келер болсаң
Жұбанбай-ақ қояр ем!
Өзің қайтып келер жолға
Телмірумен солар ем!
Жоқтар сені ауыл-аймақ,
Өзің құрған босағаң
Қиыс кетті-ау берген бата
«Қосағыңмен қоса ағар...»
Шаш ағарып, өң бозарып,
Шырай бермес келер күн.
Жерде ұрпағың, көкте рухың
Үміттімін...
Жеберсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері