Ақтамақ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақтамақ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3723
Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.

Қайырмасы:
Айдын көлдің еркесі,
Еркін өскен Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған.
Бұлбұлымсың Ақтамақ.

Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері