Өмір көшесі
Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.
Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».
Ізетті өскен ұл бала,
Ар мен намыстың жөнін білер.
Ибалы өскен қыз бала,
Əдеп пен ұяттың жөнін білер.
Не айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»
Гүлдеген, біткен жапырақ,
Бүтақтары салбырап,
Уақыты еді жетілген
Көз тартарлық балбырап.
Шіркін, түк білмейтін бала болсам,
Ащы шындық айтуға асықпас ем.
Мүмкін жолымда талай адаспасам,
Жәннат кілтін ашуға тырыспас ем.
Қазақ деген атың сөнбесін деп,
Қазақ деген тілің өшпесін деп,
Қазақ дейтін даңқты ел көркейсін деп,
Жауыңның бар кінәсін сабырмен айтта, кешір.
Жолықтырдым түрлі мінез адамды,
Түзу басқан, шалт басқан да қадамды.
Менменсініп, мұрнын көкке шүйіріп,
Жүретін бар кейін іске күйініп.
Кеше көріп жүруші едім күлкіңді,
Бүгін міне өзгеріпсің бір түрлі.
Сынақ беріп қояды екен жаратқан,
Өзі сүйген жандарына түр-түрлі
Көзді ашып жұмғанша,
Бір күн өтті қасқағым.
Көп ұзамай өзіңе,
Жаңа өлең бастадым.
Махаббат па? Қойшы сол махаббатты
Сынақтары тым ауыр, қатал қатты
Менің мына шын сүйген жүрегіме
Қайғы мұңның жебесін тақап атты
Кімге керек сенің күліп жүргенің?
Жүрегіңді жазар дейсің кімдерің?
Тоғыспаған тағдырлар жолдарында
Кейде сынақ,кейде қайғы,кейде мұң.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі