Ағажан
Қара су есік алды жусан ба екен, жусан ба екен,
Белімді жусанменен бусам ба екен.
Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем.
Жоғарыдан келемін заулай түсіп,
Орған бидай жатады баудай түсіп,
Сен есіме түскенде, қалқа бала,
Жата алмаймын төсекте аунай түсіп,
Келмейді алтын шашың тарақтауға-ай, ау,
Көнбейді асау сұңқар, ау, балақтауға, қой-ау.
Дарияның ортасында сіз бәйтерек-ай, ау,
Мен келдім бұтағыңа, ау, қонақтауға қой-ау.
Ауылым қос арықтың жағасында,
Қолымның алтын жүзік саласында.
Қайран елім қалады, қайран елім.
Бірге өскен құлын-тайдай, құрбыларым,
Жоғарыдан келемін төмендетіп,
Бозшұбардың құйрығын сүмендетіп.
Мен қайтейін, еркем-ау.
Сен есіме түскенде, сәулетайым,
Мен айтамын өлеңді дал-дал қылып,
Кең жасаған бақ берген малды-ау қылып.
Әләу айдай-ау.
Сүйген жарым алдымда аман болса,
Ой, қалқа, құлағың сал мына сөзге,
Жоқ еді бөтен жұмыс көңілімізге.
Айхахай! Ақ қайың!
Қат-қабат осы сөзбен болып кетті,
Еңкейіп ителгі ұшар биік шыңнан,
Жіңішке нәзік белің тартқан сымнан.
А, ақ қайың айдай,
Өзіңнің тәрбиелі мінезіңнен.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі