Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (40) Өлеңдер (57) Жоспарлар (17) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (62)

Біреу бақыт санайды

Біреу бақыт санайды –
Сұлумен сұхбат құрғанын.
Біреу бақыт санайды –
Жарты тиын жырғанын.

Толық

Алғыс айтып өтем саған

О бастан-ақ Мен Сен болғам,
Сен, әрине, Мен едің,
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз

Толық

Ит "достығы"

Екі төбет кездесіп,
Жер ошақтың басында,
Отырысты тілдесіп,
Ешбір жан жоқ қасында:

Толық

Жолдас

Өмір керуен.
Ортақ бізге ЖОЛДАС ат.
Аздық етпек ақтан тілеу жолға сәт.
Сапар заңы –

Толық

Қадір

Ас қадірі білінер – ашыққанда,
Дос қадірі – дұшпаның жасытқанда.
Махаббаттың не екенін, шаршап, талып,
Сәкен Иманасов

Толық

Адал және арам достық

Көкірегіңді көтерерсің досым көп деп, көп менен.
Мына менде танысым көп, бірақ досым жоқ демен.
Бір достар бар xабарласар, көрісерміз тек кейде,
Бірақ соның өзі дағы ғұмыр сәтке жетпей ме?!

Толық

Ішкі сыр

Ішкі сыр - Кәкімбек Салықов
Құдайдың бергені ме,
Бейсауат сөзге ермедім.
Кеншілік кең мінезден

Толық

Арыстан, киік һәм түлкі

Бар еді бір зеңгір тау асқан биік,
Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйіп.
Жол шеккен тамақ іздеп аш Арыстан
Сол таудың арасынан қуды Киік.

Толық

Достық

Достық – биік жалауым,
Достық – берік қамалым.
Достық сезім жүректе,
Жағады өшпес алауын.

Толық

Танакөз

Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Толық

Достық өлкесінің заңы

Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды

Толық

Жан достармен

Ақ қағаз бен көк қаламды мен алдым,
Көңілдегі сырларымды мен жаздым,
Шатырдың төбесіне шығып-ап, биіктерге,
Достарыммен өткен қызықтарды толғадым!

Жаза-жаза өлеңді тізесін шығарып тастадық,
Дос қыздармен ойнап сындырып оларды біз алдық.
Егер үйде комп пен пест ойнап жалықсақ,
Дос, құрдастармен тентектікті бастадық!

Біз ешқашан ештеңеден қашпадық,
Қиындық туса оған мойымай саспадық,
Ішіміз пысса, бірақта олай болмаған,
Егер болса жағаласып тастадық!

Алайда біз әдептіктен аспадық,
Адамгершілікті әрдайым сақтадық,
Қымыз халал масаяамыз деп ойлап,
Бір күнде бес литрін ішіп тастадық!

Толық

Ешкім

Ешкім сені бауырындай көрмейді
Ешкім тыңдап, көңіл бұра бермейді,
Еңбекпенен көтермесең өзіңді,
Бет айналып, қолын бір-ақ сілтейді!

Жуас болсаң, басқа шығып өрлейді,
Өзіңді ойласаң, тас жүрекке теңейді,
Жамандайды, көралмайды иттей қып
Ешкім саған жақсылығын бермейді!

Құрметтемей, ешкім арттан ермейді,
Бетке басып, сөзбен көміп жерлейді,
Жақсылығың артта қалады жасаған,
Содан сені ешкім жақсы демейді.

Қателессең қайта саған сенбейді,
Өз қайғыңды, өзің ұстап жең дейді
Сені қарғап, жаман көрген адамдар
Жәй әншейін қадіріңді білмейді.

Толық