Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.
Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.
Жанымда жүрші, жігерімді құлатпа,
Жырым боп еніп, жадымда менің тұрақта.
Күйкі тірліктен көңіл түскенде құлазып,
Ештеңе деме, жай ғана мені құшақта!
Қызғалдағы жоқ қырлардан,
Сағынышы жоқ мұңдардан,
Сезімнен ада жырлардан,
Айтылмай қалған сырлардан
Қараша күз, қараша айы, қара жел,
Қара желмен ырғалады дала, бел.
Жапырағын шашып алған ағаштың,
Мұң мен зарын әуре ме екен санап ел?
Үндемейсің, үндемеймін, үнсізбіз,
Көңілдерде тоғысады мұңсыз күз.
Түйсінсек те іштегі бір алауды,
Үшеуміз де тіл қатпаймыз түн, сіз, біз.
Көктеміңді дауылдатам, күз қылам,
Есімімді етем сендік ізгі ұран.
Түн ұйқыңды төрт бөлемін іздетіп,
Махаббаттың у шарабын жүз грамм.
Жер бетіне нұр шашқан Күн киелі,
Жарық Ай да қараңғы түнді иеді.
Көріп тұрып көзіммен қуанамын,
Мынау ғажап, жап-жарық дүниені.
- Белгісіз
- Белгісіз
- Белгісіз
- Интернет
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі