Сағындым
Балалығым, бал тілді
Ерте күнді сағындым.
Әжем айтқан сан түрлі
Етегімді сағындым.
Қой үстінде бозторғай
Ұя салған кездер-ай.
Айтылмаған сөз қалмай,
Ұға салған кездер-ай.
Көктем келді ырғатыла,
Сылаң қағып сай-сала.
Қызғалдақтар қырға тұна,
Құлпырды бар айнала.
Ақын – елдің еркесі,
Ақын – төлдің серкесі.
Қайда барса, ақынды
Қарсы алады өлкесі.
Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Өзіңді өзің күтпесең,
Өзгеден көмек күтпе сен.
Шалдықсаң ауыр кеселге,
Басталар сарсаң, бітпес ем.
Демеймін мына тірлікте
Өзгеден көмек болмайды.
Береке басы бірлкте,
Ісіңді бірлік оңдайды.
Жадыратып жанымды сазы алыстан,
Көлдеріңнен көңілді қаз әні ұшқан,
Өркен жайған, өскелең, өмірлі елім,
Қадірменді, кең дарқан Қазақстан.
Сыңғыратып күй түрлі,
Шайдай аштың ұйқымды.
Келбетіңмен керемет
Сүйкімдісің, сүйкімді.
Жата бергім келеді, жата бергім,
Тәтті ұйқыға балбырап бата бергім.
Ей, аруақ, азырақ тоқтай тұршы,
Біраз өмір сүруге бата бергін.
Жұмыс деп таппай тынымды,
Көз ілмейтін секілдісің.
Өзіңнің сұлулығыңды
Сезінбейтін секілдісің.
Атағы болмады деп алып берген,
Жерім жоқ басшыларға налып көрген.
Ақырын жүріп келем анық басып,
Бағадан артық не бар халық берген?
Бұл өмірде көремін деп көп қызық,
Алыппын ғой уақытты өткізіп.
Азды-көпті жазғаныммен тірлікте
Айта алдым ба ойларымды жеткізіп.
Сүйемін деуге ақылым жетпей,
Жетсе де ақыл, батылым жетпей,
Отырмын мүлгіп, түнеріп ойда,
Күндерім қайда, түндерім қайда,
Таланттылар тасыған судай,
Айналасын суландырғысы келеді.
Талансыздар ашыған удай,
Айналасын уландырғысы келеді.
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі