Қара қыз
Безендірген түнгі аспанды жұздыз ай,
Тынық жұмсақ , шырайланды күзгі рай.
Пәк сезімнен ұялып жүріп бетпе - бет,
Алғашқы рет ұшырастық біз бұлай.
Қиналар деп ойлап пе едің кетсем егер?
Ойың таяз. Көрдің бе... қателестің
Сен лай су, шалшығыңмен шектесе бер
Лас жерде мекендейтін бақа емеспін
Халықтың тіктеп еңсесін,
Қиын күндер өткердің.
Бөлісіп қуаныш, қайғысын
Еліңмен бірге келесің.
Жауынсыз ақ қара ағаш биіктей ме
Жалынсыз да жүремін күйіп кейде
Тап бір маған өкпесі бар адамдай
Өтті алдымнан қабағын түйіп бейне
Қазағым, бағың жанды қуана бер,
Батырлар туды көкке көтеріп жүр.
Түспесін көк байрағың тек төменге
Қазағым, дами бергің, көкке өрле!
Енді мүлде айтылмайды "біз" деген
Қыс алдында бір күрсінді күзгі өлең
Арқама кеп отырмайсыз еркелеп
Құшақтаспай мен де жүрем сізбенен
Санаулы күндер өтпесін бекер
Өзіңді күнде құр алдай.
Талаптан, оқы, білім ал іскер
Еңбектен, жатпа жүр талмай.
Сындар көп тиер соққы сағанда дөп
Соққы алған жағдайда шыда сен күт
Уақыты келген кезде сен ұрарсын
Қорған достым еш сынба қолыңды бүк.
Жеңген сәтте сабыр ет
Жеңілмеуім мақсат деп.
Талаптан бала жалықпа
Еңбекке әркез түр білек.
Махаббат бір мен үшін өлшеусіз оқ
Сезім барда өшпейтін ғұмырлы шоқ.
Лира барда мен өлмеймін тәңір Алла;
Өмірге айтарым ия, ажалға жоқ!
Сезімсізсің бе?
Жоқ ,Əлде маған солай көріне ме?
Сөздерің өрнек болып өріле ме?
Суық ызғар ескенін сезбей бұлай,
Жүрегімнің пердесін құлыптадым
Ашамын деп ойласаң құныққаның
Сезімдегі сенімді өшіргенмін
Мен деген махаббатты ұмытқамын
Ғайып болып жоғалшы таба алайын
Жүрегімді босатшы болма уайым
Сағындырып сағымның елесіндей
Кемесіндей кезбезі жыламайын
Түнгі көше шамдары тізбектелген,
Нәзік үміт секілді күзді өткерген.
Қара түнде алыстан сығырайып,
Сағынышым іспеттес іздеп келген.
Арбалдым сиқырлы әр қылығыңа,
Алдандым жел тербеген бұрымыңа.
Ерітіп жұмыр етті кеудедегі,
Сезімнің тұншықтырдың тұнығына.
Күзгі мұңға ауғанда жаз желегі,
Көңіліме көңілді ой аз келеді.
Әсем шаршы құрасып ұшқанымен,
Көкте тырна, жердегі қазда өледі.
Уылжыған дидарыңа нұр құйылып,
Ынтызарғып еріксіз тұрды үйіріп.
Жанарыңнан, шарпыған жалыныңа,
Бір өртеніп отырмын бір сүйініп.
- Мәулітбек Ұлас
- Мәулітбек Ұлас
- Мәулітбек Ұлас
- Мәулітбек Ұлас
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі