көктем
Бұл көктемім жетегінде салқын желін ала келді,
Қар кеткенмен сызы ерімей жүрегімде қала берді.
Түн ұйқымнан оянатын болдым жиі қара терде
Сездіргендей жаурағанын алтынымның (бауырымның) қара жерде.
Көзді ашып жұмғанша,
Бір күн өтті қасқағым.
Көп ұзамай өзіңе,
Жаңа өлең бастадым.
Кімге керек сенің күліп жүргенің?
Жүрегіңді жазар дейсің кімдерің?
Тоғыспаған тағдырлар жолдарында
Кейде сынақ,кейде қайғы,кейде мұң.
Өзгермепсің, со баяғы, қыз қалпың.
Көріп қалам күніге.
Жындымын ия?! Неге өзіңді қызғандым?
Ұзақ қарап түріңе.
Себелегі себелеген кешелі,
Көк те, Жер де тынымсыз.
Құнсызданған судан балшық бес елі,
Тамыз бауы тұр үнсіз.
Бәлкім маған сыйлаған сыйы бұ да? -
Көкте құдай күліп тұр миығынан.
Кірпігімді қытықтап, еркелетті,
Күн сәулесі көзімнің қиығынан.
Сен тұрдың кербезденіп, түн көйлекпен -
Мен бозбала балғын шақ - сен бойжеткен.
Есіңде ме, солбір түн дәл біздерге,
Шегірткелер сырнаймен жыр әндеткен?
Келер күннің, күткен алда өзіңсіз,
Бітпей қалған туындыдай құны бар.
Сен, - деп соққан жүрегім де керексіз,
Кетеріңде тамырымен жұлып ал.
Сенбесең - сенбе, өзің біл!
Сағына күткен күзім бұл.
Өзіңді қайдам, өзіме
Сыйлайды ғажап сезім бір.
Екі түрлі неліктен аспанымыз?
Бір жұмыр жер емес пе басқанымыз.
Көңілдегі сезімдер егіз болып,
Қосылмай жүр, қалайша бастарымыз?
Толассыз күз жауыны құты кеткен,
Салқын самал ырқымен сіркіреткен.
Тіршілікті меңзейді ақ қайыңдар,
Саусағының ұштары дір-дір еткен.
Күндер, күндер кідірусіз, тоқтаусыз,
Өтіп жатыр өкінішсіз - жоқтаусыз.
Күдер үзген үмітінен әлдебір
Тізбектелген дүниелер ақтаусыз.
Ертістің қалың тұманы
қашанда таңын буады.
Жасырар бәлкім бар шығар -
құпия тылсым сырлары?
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі