Өлең, жыр, ақындар

Тәтті ұйқы

Бәлкім маған сыйлаған сыйы бұ да? -
Көкте құдай күліп тұр миығынан.
Кірпігімді қытықтап, еркелетті,
Күн сәулесі көзімнің қиығынан.

Міндет тартты көрпенің қиырынан,
Жібек ұйқы ұйыды жиырыла.
Жата берші, қайтесің? - деп арбайды,
Мініп алған жын-перім иығыма.

Оятарға он минут құйып ұдай,
Тәтті ұйқыны осынау сүйуім-ай!
Алақанда аялы әлдилейді,
Сипап қойып, маңдайдан киелі Ұмай.
Bura-Naiman



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар