Бостандық
Бостандықта сүрдiк пе бiз көп ғұмыр?
Азғана күн сәулелi үмiт төктi нұр:
Әлсiз шуақ қарт қазақты жылытып,
Жас қазақ сол бәсең отты сөктi бiр..
Жоқтық деген немене – барлық делік,
Бақыт деген дүние ме – алдық бөліп.
Дүниедегі ең ұлы көрініс не?
Ол шідерін үзген ат қарғып келіп.
...Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан-кестен, ойда жоқта,
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.
Тас дәуірді қашауды
Тарихшыларға қалдырдым.
Жасақтап жырдан жасауды
Асауға құрық салдырдым.
Жарқырап жұлдыз туды елімізде,
Түсіріп жарық сәуле жерімізге.
Оқып өсіп мыңнан бір озып шыққан.
Атадан батыр туған еншімізге.
Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.
70 жыл жүрегіме жара салған,
Тілім мен дінімді алған дүние жалған.
Тәуелсіздік аңсаған бабаларым,
Қасіретті күндерді басы шалған.
Адамды Алла жаратқан жер бетіне
Салем етіп Пайғамбар үмбетіне
Ассалаумағалейкум арда халқым
Айналған тәуелсіздік келбетіне.
Алаңға шықты, желтоқсанда талай жастар
Қыздарды да сабады, қарамастан
Шек қоюға күрескен, Рұсқылбеков
"Халық жауы" атанды, бала жастан!
Тәуелсіздік арманымсың аңсаған
25 жыл бақытты өмір жасаған
баянды болшы бақытым менің бүгінгі
Халқым үшін күтіп сені шаршаған
Аққудай қанат қаққан, Қазақ елі.
Үнемі ат үстінде күн өткелі,
Таңдаңды, алға ұмтылды
Дүбірлетті.
«Бісмілла» деп сыйынып сөз бастайын,
Ортаға салиқалы ой тастайын.
Береке мен бірлігі мықты болса
Ел іргесі мәңгілік тозбас дәйім.
Тәуелсіздік басымызға бақ қонған,
Бабалардың еңбегі де ақталған.
Осы жолда құрбан болған қаншама
Батырларды ұмытпайық ешқашан.
Ереуіл күнді еске алдық,
Қоңыр да салқын төске алдық.
Көз жазып қалды көшімнен —
Кезеңнен мені тосқан жұт.
Күнім нұрлы, түнім жарық,
Асыл мамық жастандық.
Жүрек жылы, ойым анық
Рахмет, саған, Бостандық!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі