Алғашқы сырласу
Тоқ болса да тоймайтұғын көңілі,
Қайран шағым, "сүт емем" деп жылаған.
Ана өзіңнен алыс қала өмірі,
Жолы қиын, тайғақ әрі бұралаң.
Тоқ болса да тоймайтұғын көңілі,
Қайран шағым, "сүт емем" деп жылаған.
Ана өзіңнен алыс қала өмірі,
Жолы қиын, тайғақ әрі бұралаң.
Шалқып өмір сүріп едім еркелеп.
Сол үшін ба қиындық көрдім ертерек.
Анам-əкем ажал құшты апаттан,
Жетім қалдым деген сөз ғой бұл демек.
Мен кіммін? - деген сөзге жауап ізде,
Сонда өзгенің алдында тарылмайсын.
Алдымен өз- өзіңді танымасаң,
Ешқашан өзгені де танымайсың.
Өмір өтеді ойланып та толғанып,
Біреулерді сүйіп тұрып қызғанып.
Өмір өтеді білінбей бірақ тездетіп,
Өмір мәнін ұғармыз ба кештетіп?
Аллаға құлшылық қыл
Сынақ үшін берілген тірішілік бұл.
Харам заттан бойыңды аулақ ұстап
Қайырлы іске әрдайым құлшынып тұр.
Ахуалды айтар болсам елдегі,
Айта берем, сөз бітпейді мендегі.
Айта берем, тоқтамаспын ешқашан -
Шындық айту - бұл Алланың бергені!
Мен қазақпын - даланың ұланымын,
Көк жүзінде самғаған қыранымын.
Қазақтың бар жастарын рухтандырған -
Қайраттай қайсар ұлдың ұранымын!
Анашым ай. Сағындым. Жырактамын,
Қатал қала өмірін ұнатпадым.
Жылы үйіме қайтуға асыққан ем
Күндері тым жай өтті бұл аптаның.
Түсіме жиі кіресіз,
Өңімде іздеп сабылам
Түсімде ғана жүресің,
Өңіңде қайдан табылам.
Тек бақытты болыңыз, арыстаным,
Мен сізбен бәрібір де табыспадым.
Сіз бақытты болыңыз. Бұрыс шығар
Бақытты боп сізбенен жарысқаным.
Еске алып, асау толқын дарынды,
Сөз бастадым салмақты да сарынды.
,,Айта түс" деп қолдай кетті Сыр мен Құм,
Бəлкім, олар, ақын ұлын сағынды.
Қазақ қызы теңдесіз пәк алтынға,
Мен айтайын бір шөкім ой ал тыңда.
Батыстың батып кетпей батпағына
Қала берші сол баяғы қалпыңда.
Символындай сезім менен сұлулық,
Нұр жүзінен төгілген бар жылылық.
Сәкен аға – ақиығы Алаштың,
Бір бойына дарығандай ұлылық.
Елбасымыз - ұлттығымның тірегі,
Елбасымыз - еліміздің тілегі.
Қамқор болып, елге өмірін арнаған
Елбасымыз - халқымыздың жүрегі.
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
- Освальд Шпенглер
Барлық авторлар