Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (49) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (30) Ұлағатты сөздер (15)

Көбелек гүлді сағынар.

Ілмектер: көбелек, гүл

Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Ілмектер: ата, ұл, гүл

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Ілмектер: адам, тас, гүл

Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.

Ілмектер: Қыз, гүл, ел, жер

Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.

Ілмектер: білім, ұл, гүл, жұпар

Тікеннен — гүл,
Заһардан — бал.

Ілмектер: гүл, бал, заһар

Гүл қайда болса,
Көбелек сонда.

Ілмектер: гүл, көбелек

Жаңа туған айды көрген
Бір мұрат,
Жаңа шыққан күнді көрген
Бір мұрат.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір мұрат.

Ілмектер: мұрат, гүл

Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.

Ілмектер: гүл, жер

Гүл жайнамай
Бұлбұл сайрамайды.

Ілмектер: гүл, бұлбұл

Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.

Ілмектер: гүл, тіл

Бұлбұл гүлдің ашылғанын
Көрем деп сайрайды.

Ілмектер: бұлбұл, гүл

Оған гүл де жақпайды,
Гүл өсірген құл да жақпайды.

Ілмектер: гүл, құл, Араб мақал-мәтелдері

Білікті адамның сөзі - таза гүл.

Ілмектер: біліктілік, адам, гүл

Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.

Ілмектер: тыңдац, құлақ, су, гүл

Бір гүл – көктем емес.

Ілмектер: гүл, көктем, парсы мақалы

Інжірдің гүліндей тым сирек кездеседі.

Ілмектер: інжір, гүл, сирек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сенің әуезің – гүлдің әуені.

Ілмектер: әуез, гүл, әуен, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бір гүл көктем жасай алмайды.

Ілмектер: гүл, көктем, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тікенексіз болса,
Әтіргүл болар ма.

Ілмектер: тікен, гүл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Пікірлер