"уақыт" туралы Мақал-мәтелдер
"уақыт" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.
Ілмектер:
жыл, ай, уақыт
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.
Ілмектер:
уақыт, дәуір
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.
Ілмектер:
уақыт, дәуір, би
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.
Ілмектер:
би, уақыт, дәуір
Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.
Ілмектер:
уақыт, өмір, бос
Көңілі ояудың - көзі ілінбейді,
Уақыттың өткені білінбейді.
Ілмектер:
уақыт, көңіл
Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.
Ілмектер:
уақыт, ұят
Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
Ілмектер:
уақыт, гүл, иіс
Уақыт - көшкен керуен.
Ілмектер:
уақыт
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі