Ынтымақ — Мақал-мәтелдер жинағы
Бұл бөлімде "ынтымақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бұрынғылар өтіпті,
Бәрін айтып ниетін
Ынтымаққа жетіпті.
Ілмектер:
ынтымақ, ниет
Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің өкініші бітпес.
Ілмектер:
ынтымақ, ел
Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.
Ілмектер:
ынтымақ, бірлік, дана, от, тау
Айырылсаң - азарсың,
Қосылсаң - озарсың.
Ілмектер:
ынтымақ, бірлік
Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.
Ілмектер:
ықылас, ынтымақ
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
Ілмектер:
ынтымақ, бірлік
Көнектен шошыған бие оңбас.
Көптен бөлінген үй оңбас.
Ілмектер:
бірлік, ынтымақ
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі