"жер" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "жер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.
Ілмектер:
жер, білім, ырыс
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Ілмектер:
Қыз, гүл, ел, жер
Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.
Ілмектер:
ел, жер
Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады.
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады.
Ілмектер:
жер
Әркімнің өз жері - жұмақ.
Ілмектер:
жер, жұмақ
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Ілмектер:
қадір, ел, жер
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Ілмектер:
жер, ел
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Ілмектер:
жер, мал
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі