Тіл — Мақал-мәтелдер жинағы - 10-бет
Бұл бөлімде "тіл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Артында баласы қалса —
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса —
Өзі қалды де.
Ілмектер:
бала, сөз, тіл
Тіс — тілдің қамалы.
Ілмектер:
тіл
Жақсыменен сөйлессең —
Жаның рахаттанады.
Жаманменен сөйлессең —
Қойыңа қасқыр шабады.
Ілмектер:
жақсы, жаман, тіл
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.
Ілмектер:
сөз, тіл
Айтылған сөз — атылған оқ.
Ілмектер:
сөз, тіл
Жақсының өзі өлсе де,
Сөзі өлмейді.
Ілмектер:
жақсы, сөз, тіл
Сөзбен сөзді жуады,
Сабынмен бөзді жуады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Көздің аласынан
Сөздің аласы жаман.
Ілмектер:
жаман, сөз, тіл
Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
Ілмектер:
көңіл, кір, сөз, тіл
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
Ілмектер:
сөз, асық, ата, тіл
Қайғылы сөз
Қаза үстінде туады.
Қаһарлы сөз
Жаза үстінде туады.
Ілмектер:
сөз, жаза, қаза, тіл
Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.
Ілмектер:
сөз, тіл, өлім
Қол, аяғы бар кісі —
Жүк көтергіш нар кісі.
Тілі, сөзі бар кісі,
Жазасызға жар кісі.
Ілмектер:
тіл, сөз
Сәлемі жараспағанның —
Сөзі де жанаспайды.
Ілмектер:
сөз, тіл
Айтсам тілім күйеді,
Айтпасам дінім күйеді.
Ілмектер:
тіл, дін
Қағынған ауыздан
Ұшынған сөз шығады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.
Ілмектер:
көр, сөз, тіл
Ең тәтті де — тіл,
Ең ащы да — тіл,
Ең жұмсақ та — тіл,
Ең қатты да — тіл.
Ілмектер:
тіл
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі