Біреудің атан көтермес бөзі бар,
Ілмектер: сөз
Біреудің ат көтермес сөзі бар.
Ауыздан шыққан сөз алыстар.
Ілмектер: ауыз, сөз
Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ілмектер: ақыл, сөз, көз
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.
Әуелгі сөзің рас болса,
Ілмектер: өтірік, шындық, сөз
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
Ілмектер: көз, сөз
Ердің екі сөйлегені – өлгені.
Ілмектер: ер, сөз
Жақсы сөзге жан семіреді.
Ілмектер: жақсы, сөз
Сіз, біз деген жылы сөз - тіршіліктің ғанибеті.
Ілмектер: сіз, біз, сөз, жылы, ғанибет
Өтірікшінің шын сөзі зая.
Ілмектер: өтірікші, сөз, тіл
Халық сөзі қаһарлы.
Ілмектер: халық, сөз
Жомарт бергенін айтпас,
Ілмектер: жомарт, ер, сөз, батыр
Ер айтқанынан қайтпас.
Екпіндінің өзі де екпінді, сөзі де екпінді.
Ілмектер: екпін, еңбек, сөз
Құр сөз қоңылтақ етік,
Ілмектер: сөз, етік
Жүрсең аяғыңды қажайды,
Отырсаң тобығыңа батады.
Саудың асын ішіп,
Ілмектер: ауру, сөз
Аурудың сөзін сөйлейді.
Сөзді сөз түртеді.
Ілмектер: сөз
Ауруда шаншу жаман,
Ілмектер: ауру, сөз, шаншу
Сөзде қаңқу жаман.
Сөздің өтірігіне нанба,
Ілмектер: сөз, өтірік
Қисынына нан.
Адам тілі тас жарар,
Ілмектер: адам, тіл, тас, сөз
Тас жармаса, бас жарар.
Құлақтан кірген суық сөз,
Ілмектер: құлақ, сөз, көңіл, мұз
Көңілге барып мұз болар.
Ақымақтың сөзі ақау татыр.
Ілмектер: ақымақ, сөз
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі