Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (112) Өлеңдер (517) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (624) Әзіл, анекдоттар (4)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"өмір" туралы Мақал-мәтелдер

"өмір" туралы мақал-мәтелдер жинағы.

Өмірде із қалдыру балалықтан басталады.

Ілмектер: өмір, балалық
WhatsApp Telegram

Махаббатсыз өмір тастақта өсіп қурап қалған ағашқа ұқсас.

Ілмектер: махаббат, өмір
WhatsApp Telegram

Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді.

Ілмектер: адам, өмір, мінез
WhatsApp Telegram

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Ілмектер: адам, өмір, өлім
WhatsApp Telegram

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Ілмектер: өлім, өмір
WhatsApp Telegram

Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.

Ілмектер: өмір, түңілу
WhatsApp Telegram

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Ілмектер: өлім, өмір
WhatsApp Telegram

Өткен өмір –
­Өшкен көмір.

Ілмектер: өмір
WhatsApp Telegram

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Ілмектер: өмір, қарттық
WhatsApp Telegram

Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.

Ілмектер: уақыт, өмір, бос
WhatsApp Telegram

Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.

Ілмектер: өмір, жұмыс
WhatsApp Telegram

Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.

Ілмектер: достық, махаббат, өмір
WhatsApp Telegram

Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.

Ілмектер: білім, өмір
WhatsApp Telegram

Өмір озады, ажар тозады.

Ілмектер: өмір, ажар, тозады
WhatsApp Telegram

Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.

Ілмектер: өмір, темір
WhatsApp Telegram

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Ілмектер: адам, табиғат, өмір
WhatsApp Telegram