Жаман — Мақал-мәтелдер жинағы - 13-бет
Бұл бөлімде "жаман" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Сөздің аласы – жаман,
Оттың шаласы – жаман.
Ілмектер:
жаман
Атың жаман болса,
Қарың кетер.
Балаң жаман болса.
Арың кетер.
Ілмектер:
жаман, бала, ар
Жаман жаңбыр жаумай су болады.
Ілмектер:
жаман
Жол жаман болса,
Атаң да сүрінеді,
Атан да сүрінеді.
Ілмектер:
жол, жаман
Жігіт — арының құлы,
Жаман — малының құлы.
Ілмектер:
жігіт, жаман
Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
Ілмектер:
жаман, тіл, адам
Жаман адам
Құлқынның қара қабы.
Жақсы адам
Адалдықтың алтын тағы.
Ілмектер:
жақсы, жаман, адам
Жаманға еткен жақсылығың
Жатқа кеткен малмен тең.
Адамға қылған жақсылығың
Арнап бір берген нармен тең.
Ілмектер:
адам, жаман
Жаман итті еркелетсең,
Аузыңды жалар.
Жаман адамды еркелетсең,
Жаныңды алар.
Ілмектер:
жаман, адам
Жуастың бір аты — жаман.
Ілмектер:
жуас, жаман
Тамшы ақса — қосың жаман,
Ақсақ болса — мосың жаман.
Ілмектер:
жаман
Жақсының сөзі
Өлшеп, пішкендей,
Жаманның сөзі
Түйеден түскендей.
Ілмектер:
жақсы, жаман, сөз, тіл
Жақсыменен сөйлессең —
Жаның рахаттанады.
Жаманменен сөйлессең —
Қойыңа қасқыр шабады.
Ілмектер:
жақсы, жаман, тіл
Көздің аласынан
Сөздің аласы жаман.
Ілмектер:
жаман, сөз, тіл
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Ілмектер:
үй, жаман, қол өнері
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі