Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "ер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Елім бай болсын десең,
Ілмектер: ер, жер
Жеріңнің бабын тап.
Ерім сай болсын десең,
Еліңнің бабын тап.
Ер тоқымы жаман деп
Ілмектер: егіншілік, ер
Ерді мазақ қылмаңыз.
Еккен егін жаман деп,
Жерді мазақ қылмаңыз...
Ат қартайса
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, қартаю, мақтаншақтық
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
Арғымақ аттың баласы
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, сөйлеу, тыңдау
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы.
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Ат күйгелек болса — арық,
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, күйгелек
Ер күйгелек болса — кәріп.
Ат сүрінбей жер танымас,
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, ел
Ер сүрінбей ел танымас.
Көнектен шошыған бие оңбас.
Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер
Төсектен шошыған ер оңбас.
Ер басына күн туса, бұта түбі үй болар.
Ілмектер: ер
Ел ірісе ыдырап, екі үйге би болар
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі