Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (122) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (205)

Адам бақытқа тоймайды.

Ілмектер: адам, бақыт

Асқан сұлулықтан
Аз ғана бақыт артық.

Ілмектер: сұлулық, бақыт

Байқасаң, бақыт бір жерде тұрмайды.

Ілмектер: бақыт, жер

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс

Бақыт басқа қонғанда,
Алысып жүрген дұспандар
Алдыңа келіп дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп қас болар.

Ілмектер: бақыт, дос, дұшпан

Бақыт жолы біліммен табылады.

Ілмектер: бақыт, жол, білім

Бақыт қайда болса, тыныштық сонда.

Ілмектер: бақыт, тыныштық

Бақыттың да басы айналар кез келер,
Мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.

Ілмектер: бақыт, мінез, құлық

Бақыттың шалғайынан басып,
Күшпен ұстап тұруға болмайды.

Ілмектер: бақыт, шалғай, күш

Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.

Ілмектер: бақыт, жапалақ, сұңқар

Бақытыңды қорғасаң,
Жаман сөзді қолданба.

Ілмектер: бақыт, жаман, сөз

Бар байлықты жинауға тырысқан адам бақытсыз.

Ілмектер: адам, байлық, бақыт, бақытсыз

Бар бақытты сақта, өсектен жұтатар,
Ол кіріссе, жоқтан отты тұтатар.

Ілмектер: бақыт, өсек, от

Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.

Ілмектер: бақыт, су, қара, ақыл, артық

Бәрі түгел: құт пен бақыт алдаса,
Адам бірақ өзін құртып алмаса.

Ілмектер: құт, бақыт, адам

Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.

Ілмектер: ер, ел, бақыт

Бақыт шыбын сияқты —
Бірде гүлге қонса,
Бірде көңге қонады.

Ілмектер: бақыт

Батылдық — бақыттың жартысы.

Ілмектер: Батылдық, бақыт, башқұрт мақалы

Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді.

Ілмектер: бақыт, бақ, дәулет, бас

Бақыт пен дәулетте көз жоқ.

Ілмектер: бақыт, дәулет, көз

Пікірлер