Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (33)

Қадір — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "қадір" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің.

Ілмектер: жер, қадір, көшу
WhatsApp Telegram

Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.

Ілмектер: жол, ел, қадір
WhatsApp Telegram

Аздың қадірін білмеген
Көптің қадірін қайтіп білмес.

Ілмектер: қадір, көпшілік
WhatsApp Telegram

Сара жолдың қадірін
Адасқанда білерсің.
Қарындастың қадірін
Қарасқанда білерсің.

Ілмектер: жол, қадір
WhatsApp Telegram

Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: әке, бала, қадір
WhatsApp Telegram

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз
WhatsApp Telegram

Мал қадірін білмеген,
Жан қадірін білмейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, қадір
WhatsApp Telegram

Тұлпардың қадірін
Желгенде білерсің,
Жақсының қадірін
Өлгенде білерсің.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жақсы, қадір
WhatsApp Telegram

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, қадір
WhatsApp Telegram

Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.

Ілмектер: қадір, ел, жер
WhatsApp Telegram

Жақсының қадірін жақсы білер.

Ілмектер: жақсы, қадір
WhatsApp Telegram

Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.

Ілмектер: қадір, ер, ел, зергер
WhatsApp Telegram

Қолдағының құны жоқ.

Ілмектер: қадір
WhatsApp Telegram