Қол өнері — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет
Бұл бөлімде "қол өнері" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қолында өнері бардың,
Белінде кемері бар.
Ілмектер:
қол өнері, өнер
Өнеріне қарай — өрнегі,
Тірлігіне қарай — тірнегі.
Ілмектер:
өнер, қол өнері
Алтын балдақ —
Қол сәні,
Әшекей, кесте —
Тон сәні.
Ілмектер:
өнер, қол өнері
Өнерлі бала елдің көркі,
Үкілі қамыс көлдің көркі.
Ілмектер:
өнер, қол өнері
Біреу күймеге қарайды,
Біреу күймеге таққан түймеге қарайды.
Ілмектер:
қол өнері, өнер
Қолында өнері бардың,
Аузында өлеңі бар.
Ілмектер:
өнер, қол өнері
Астыңда дөненің болғанша,
Қолыңда өнерің болсын.
Ілмектер:
қол өнері, өнер
Ерегісте ентігіп,
Ең алдына түспеңіз.
«Ұстамын» деп, жең түріп,
Үлгісіз тон пішпеңіз.
Ілмектер:
қол өнері, өнер
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі