"отбасы" туралы Мақал-мәтелдер
"отбасы" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "отбасы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Тыстағы мың жаудан,
Үйдегі бір жау жаман.
Ілмектер:
отбасы, жаман
Сараң қатын
Майын тығумен құртар.
Жаман қатын
Кірін сығумен жыртар.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Қартая келгенде,
Қатын жақын болады.
Күшің басым болса,
Жатың жақын болады.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.
Ілмектер:
әйел, еркек, отбасы
Екі жарты — бір бүтін,
Ерлі-қатын — бір түтін.
Ілмектер:
отбасы
Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
Ілмектер:
ата, ана, отбасы
Ұрыспай айрылған
Ұялмай қосылар.
Ілмектер:
отбасы
Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.
Ілмектер:
үйлену, отбасы
Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер,
Су мен отын
Ошақ басында кездесер.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Қатының жақсы болса — шырағың,
Атың жақсы болса — пырағың.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.
Ілмектер:
үйлену, отбасы, қатын
Жалқау қатынның төсегі
Тал түске дейін жиылмас.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер,
Илеген терісі шіріп кетер.
Ілмектер:
қатын, отбасы
Жақсы әйелдің қолы ұзын,
Жаман әйелдің тілі ұзын.
Ілмектер:
әйел, отбасы
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі