"ел" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер
"ел" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көпті жылатқан көп жүрмес.
Ілмектер:
ел, халық
Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.
Ілмектер:
ел, халық, жол
Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.
Ілмектер:
кеңес, тон, ел, халық
Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.
Ілмектер:
көп, халық, ел
Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Ілмектер:
іс, ақ, халық, ел
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
Ілмектер:
аз, көп, залық, ел
Жігіт жүзге жеткен елді,
Жүзі қара кемітеді.
Ілмектер:
жігіт, ел, халық
Шымыр көпке, шыбын көпке.
Сиқым көпке, қиқым көпке.
Ілмектер:
ел, халық
Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.
Ілмектер:
ел, ер, көбелек
Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің өкініші бітпес.
Ілмектер:
ынтымақ, ел
Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтан суы сарқырап.
Ілмектер:
күн, су, ел, халық
Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Ілмектер:
ел, байлық, жер
Жаныс кетсе,
Орнына жаппас қонар.
Ілмектер:
ел, халық
Көшпелі елде ақың болса,
Көше-көше қасыңа келер.
Ілмектер:
ел, ақы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі