Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"батыр" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "батыр" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Тазалығы қатынның
Ілмектер: қатын, тазалық, батыр
Тарағынан белгілі.
Батырлығы батырдың
Жарағынан белгілі.
Екі батыр мақтанса:
Ілмектер: батыр, мақтаншақтық
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.
Жол жарасты көрінер
Ілмектер: батыр
Ылдиы мен өрімен,
Қол жарасты көрінер
Қолбасшы батыр ерімен.
Керуен көркі — нарымен,
Ілмектер: батыр
Батыр көркі — арымен.
Арпасыз ат қыр аса алмас,
Ілмектер: батыр
Арқасыз батыр жау ала алмас.
Өз нәпсісін жеңген — батыр.
Ілмектер: батыр
Батыр сөйлей қалса:
Ілмектер: сөз, сөйлеу, батыр, ақымақ
Жауға салған ойнағын айтар.
Сәудегер сөйлей қалса:
Ала шапан, байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса:
Ұстарасын жаныған қайрағын айтар.
Ақымақ сөйлей қалса:
Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.
«Басым бұлтқа тиер» деп,
Ілмектер: батыр
Бұққан — батыр.
«Кесірім жұртқа тиер» деп,
Ыққан — батыр.
Байыпсыз батыр тез өлер.
Ілмектер: батыр
Шын сақыға жолықсаң,
Ілмектер: шындық, батыр
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Шындық үшін жан берер.
Батыр болатын бала ерге үйір,
Ілмектер: батыр
Қызтеке бала зерге үйір.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі