Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "жігіт" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Күміс тозса — күл,
Ілмектер: жігіт
Жігіт арыса — құл.
Босаң жүрген жігітті
Ілмектер: жігіт
Бел үстінде бөрі алар.
Еркінсіген көкжалды
Ебін тапқан ер алар.
Бөрі аулайтын жігіт
Ілмектер: жігіт
Бөрігінен белгілі.
Жау алатын жігіт
Серігінен белгілі.
Бітісі жаман қамысты
Ілмектер: жігіт, жау
Су ішінен өрт шалар.
Жүрісі жаман жігітті
Ел ішінен жау алар.
Жайсаң жігіт болғаның,
Ілмектер: жігіт, қайсар
Жолдасың арқасы.
Қайсар жігіт болғаның
Қолбасыңның арқасы.
Арыстанды арыстандай жігіт алар.
Ілмектер: жігіт
Намысы бар жігіттің
Ілмектер: намыс, жігіт
Нар күшіндей күші бар.
Намысы жоқ жігіттің
Намыспенен несі бар?
Жігітте де жігіт бар,
Ілмектер: азамат, жігіт
Азаматы бір бөлек,
Жылқыда да жылқы бар,
Қазан аты бір бөлек.
Жау жеңетін жігіттің
Ілмектер: жігіт
Жарағынан танимын.
Дау жеңетін жігіттің
Талабынан танимын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі