Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (27) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (86) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (2)

Ауру — Мақал-мәтелдер жинағы - 5-бет

Бұл бөлімде "ауру" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Ілмектер: ата-ана, ана, ауру
WhatsApp Telegram

Саудың асын ішіп
Аурудың ісін істейді.

Ілмектер: ауру, еңбек
WhatsApp Telegram

Бағайын десе, малы жоқ,
Ыңыранайын десе, ауруы жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру
WhatsApp Telegram

Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру, бәле, жын
WhatsApp Telegram

Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.

Ілмектер: олжа, ауру, мал
WhatsApp Telegram

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Ілмектер: ас, ауру
WhatsApp Telegram