Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (27) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (73)

"жау" туралы Мақал-мәтелдер

"жау" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жау" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Алыс жолға шығар болсаң,
Алдымен жолдасыңды сайла,
Жаудың алдын алар болсаң,
Алдымен қолбасыңды сайла.

Ілмектер: жолдас, жау
WhatsApp Telegram

Жыланды шала өлтірме,
Жауды жақын келтірме.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Бітісі жаман қамысты
Су ішінен өрт шалар.
Жүрісі жаман жігітті
Ел ішінен жау алар.

Ілмектер: жігіт, жау
WhatsApp Telegram

Той өткен соң дағара,
Жау кеткен соң дабыра.

Ілмектер: той, жау
WhatsApp Telegram

Қасындағы жау
Қанжарын қапыда қадайды.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Үйренген жау атыспаққа жақсы.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Ынтымақ — орман,
Жау ала алмас — қорған.

Ілмектер: ынтымақ, жау
WhatsApp Telegram

Жауынан қашқан жарға паналар,
Жаудан қашқан қайда паналар.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Үндемесең, дау алар,
Жата берсең, жау алар.

Ілмектер: дау, жау
WhatsApp Telegram

Жауға барсаң, бәрің бар,
Дауға барсаң, бірің бар.

Ілмектер: жау, дау
WhatsApp Telegram

Гүрілдеп келген жаудан
Күлімдеп келген жау жаман.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.

Ілмектер: су, жау
WhatsApp Telegram

Жаудың тысында болма, ішінде бол.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.

Ілмектер: жау, қой
WhatsApp Telegram

Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алады.

Ілмектер: жау
WhatsApp Telegram

Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың.

Ілмектер: талап, жау
WhatsApp Telegram

Жаудан жер де жиренеді.

Ілмектер: жау, жер
WhatsApp Telegram

Даудың жолына түспе,
Жаудың қолына түспе.

Ілмектер: дау, жау, жол
WhatsApp Telegram

Ерді тасқанда көр,
Жауды қашқанда көр.

Ілмектер: ер, жау
WhatsApp Telegram

Жел тұрды десе,
Үйіңе арқан сал.
Жау келді десе,
Қарыңа қалқан ал.

Ілмектер: үй, жау
WhatsApp Telegram