Бала — Мақал-мәтелдер жинағы - 7-бет
Бұл бөлімде "бала" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара
Он бес жасқа дейін қосшыңдай сана,
Он бестен асқан соң досыңа бала.
Ілмектер:
ұл, бала
Қас сұңқардың баласы
Шыңнан тоят тілейді.
Қас тұлпардың баласы
Шапқан сайын үдейді.
Ілмектер:
бала
Батыр ортақ, бала ортақ,
Бодаудан қайтқан мал ортақ.
Ілмектер:
батыр, бала
Бала болғанын білмес,
Батыр толғанын білмес.
Ілмектер:
бала, батыр
Баланың сегізінде тісі түседі,
Сексенінде ердің ерге ісі түседі.
Ілмектер:
бала, ер
Алыстан ердің дәрібі бар,
Қасына келсең, баладай.
Алыстан таудың дәрібі бар,
Қасына келсең, обадай.
Ілмектер:
ер, бала
Өсер елдің баласы
Қозысын күтіп қой қылар,
Өспес елдің баласы
Қозысын сойып, той қылар.
Ілмектер:
ел, бала
Халықты дана қосады,
Қатын мен ерді бала қосады.
Ілмектер:
халық, бала
Қала — халқының салтанаты,
Бала — ата-ананың қолқанаты.
Ілмектер:
халық, бала, ата-ана
Жетесіз бала «жерден алдым» дейді,
Жетілген бала «елден алдым» дейді.
Ілмектер:
бала, ел, жер
Баласыз болса — ел сарқылады,
Бұлақсыз болса — көл сарқылады.
Ілмектер:
бала, ел
Болмас елдің баласы
Бірін бірі табалар.
Болар елдің баласы
Бірін бірі ағалар.
Ілмектер:
ел, бала
Бала жетесіз болса,
Ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.
Ілмектер:
бала, ел, ата-ана
Құлан қағын қорғайды,
Киік лағын қорғайды.
Ілмектер:
бала, қорғау
Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
Ілмектер:
әдеп, бала, жігіт, абырой
Екі баланың арасындағы шал
Бала болады.
Екі шалдың арасындағы бала
Дана болады.
Ілмектер:
бала, дана, шал
Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Ілмектер:
бала, дана
Жығылмай, жыламай бала өспейді,
Қарамай, сыламай тал өспейді.
Ілмектер:
бала, тәрбие, өнеге
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі