Туыс — Мақал-мәтелдер жинағы - 7-бет
Бұл бөлімде "туыс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қазанына қарай шөміші,
Ағашына қарай жемісі.
Ілмектер:
ағайын, туыс
Жақында да, жақын бар,
Жақынға бергісіз жатың бар.
Ілмектер:
ағайын, жат, туыс
Бір күндік тойдың
Мың күндік өкпесі бар.
Ілмектер:
той, туған, туыс
Ағайын барыңда
Аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.
Ілмектер:
ағайын, туған, туыс
Қалыңдығың сиықсыз болса,
Қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?
Ілмектер:
туған, туыс
Ағайынға кәдірім жоқ,
Бетімді көреді,
Әйеліме кәдірім жоқ,
Етімді көреді.
Ілмектер:
ағайын, туыс, әйел
Туғаныңмен туыспасаң
Кең дүниеге сыйыспайсың.
Ілмектер:
туған, туыс
Қолды жуып тұрып,
Құр қалғаннан сақта.
Ілмектер:
туыс, туған
Сыйласайық,
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас.
Ілмектер:
сыйластық, туыс, ағайын
Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек.
Ілмектер:
ағайын, туыс
Бедері жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы,
Бейкемі жоқ туғаннан
Бек сөйлескен сөз жақсы.
Ілмектер:
туыс, ағайын
Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.
Ілмектер:
ағайын, туыс
Қойыннан төгілген— қонышқа.
Ілмектер:
ағайын, туыс
Құдаңның түйесін сұра,
Қорыққанынан биесін берер.
Ілмектер:
құда, туыс
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі