Жау — Мақал-мәтелдер жинағы - 8-бет
Бұл бөлімде "жау" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.
Ілмектер:
сақтық, жау, бөрі
Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.
Ілмектер:
жер, жау, жануар
Жауға жалынба, досқа тарылма.
Ілмектер:
жау, дос
Қашқан жауға қатын да ер.
Ілмектер:
жау, ер
Жау жоқта жарақ көп,
Жау келгенде таяқ та табылмас.
Ілмектер:
жау
Даттаушы түгел жау емес,
Мақтаушы түгел ел емес.
Ілмектер:
жау, ел
Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.
Ілмектер:
жау, дау
Қайта жауған қар жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Ілмектер:
жаман, жау
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі