Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (31) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (42)

Жастық – желік.

Ілмектер: жастық шақ, адам, өмір

Жастық - мастық.

Ілмектер: жастық шақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жастықта жиған білімің - қарттыққа жұмсар мүлігің.

Ілмектер: жастық шақ, білім, қарттық, мүлік

Жастық - жалын,
Кәрілік - құл.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік, құл, жалын

Парасат көрсең –
Қарттықтан.
Тамаша көрсең –
Жастықтан.

Ілмектер: парасат, жастық шақ, парсы мақалы, қарттық

Жас кезіңде тандыр нан да тәтті.
Қартайғанда құймақ та қатты.

Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, қатты, тәтті, нан

Жасқа – қызмет,
Қартқа – құрмет.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық, қызмет, құрмет

Жас шағында сүзеген болса,
Қартайғанда сотқарлығы тізеден болар.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық, сотқарлық

Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.

Ілмектер: жігіт, жастық шақ, кәрілік, қарттық, қырғыз мақалы

Ақыл аста,
Қайрат жаста,
Асыл таста.

Ілмектер: ас, ақыл, тас, қайрат, жастық шақ, асыл