Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (848)

Жастық – желік.

Ілмектер: жастық шақ, адам, өмір

Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.

Ілмектер: кәрілік, өмір, сөз, адам

Кәрі білгенді пері білмес.

Ілмектер: кәрі, адам, өмір

Сексен дегенше, жермен жексен де.

Ілмектер: өмір, адам

Соқыр ұстағаннан айырылмайды.

Ілмектер: соқыр, адам, өмір

Ұлы бардың - ұрпағы бар.

Ілмектер: ұл, ұрпақ, адам, өмір

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Ілмектер: соқыр, күн, түн, адам, өмір

Адамның білгенін адам білер.

Ілмектер: адам, білім, ілім

Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.

Ілмектер: адам, жылан, құлан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Адамға - тілінен, сиырға мүйізінен.

Ілмектер: адам, тіл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өмірде жаман адам болмайды, тек тілін таба біл.

Ілмектер: өмір, адам, тіл, жаман

Түйе мінген адам үш бүктеле алмайды.

Ілмектер: түйе, адам, парсы мақалы

Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.

Ілмектер: мінез, адам, ит, артық, парсы мақалы

Білікті адамның сөзі - таза гүл.

Ілмектер: біліктілік, адам, гүл

Адам айдаса бармаймын,
Құдай айдаса қалмаймын.

Ілмектер: адам, құдай

Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді.

Ілмектер: адам, өмір, мінез

Тау тауға қосылады десе нан,
Адам пиғылын оңғартты десе нанба.

Ілмектер: тау, пиғыл, адам

Жақсы адамның кегі бар, киген жаулық кепкенше,
Жаман адамның кегі бар, басы жерге тигенше.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам, кек, жер

Адам баласы қайғысыз болмас,
Қайғысыз болса адам да болмас.

Ілмектер: қайғы, адам

Ұйықтаған адам ұйқыдағы жанды оята алмайды.

Ілмектер: ұйқы, адам, парсы мақалы