Өлең, жыр, ақындар

ӘКЕМЕ

  • torali
  • 19.01.2019
  • 0
  • 18
  • 38789
ӘКЕМЕ

Асқарым бар, өте биік "әке" деген,
Кеше ғана, бала едім әкелеген.
Үлгі тұтар тұлғаң кім? - деп сұраса,
Ойланбастан, сол сәтте, "әке" дер ем.

"Әке" деген, көк аспан ғой сабырлы,
Сол мінезбен көркем, әрі қадірлі.
"Әке" деген, биік тұрар бәрінен,
Бұл шындықты мойындайды барлығы.

Адалдық пен сыйластыққа үйреткен,
Сыйлап өтер, әрбір пенде, жан біткен.
Биік пенен асқарларға жетелеп,
"Озса" - деді, не бір мықты жүйріктен.

Көз саламын, көздеріңе тұңғиық,
Жан екенсің, ойлағаннан тым биік.
Үлгі аламын, бір өзіңнен, әкешім,
Алғыс айтам, бір өзіңе бас иіп.

Жүрегімен, жүрегіме тым жақын екен,
Бай екен ғой, болмысы, алтын неткен,
Балалықпен көңіліңе қаяу салсам,
Айып етпе, балалық қой есі кеткен.




Пікірлер (18)

Сарсен Аяжан

Тамашаа!

Алтын

Керемет

Айша

Өте жақсы тамаша керемет жарайсыз

Айдана

Өте керемет!

Назерке

Керемееееееет!

Айжан

КЕРЕМЕТ.

Айжамал

Оте керемет

Адик

Керемет, қызыма жаттаьқызып жатырмын

Айгүл

Керемет

Айгүл

Өлең керемет

Әлия

Керемет, әдемі жазылған

Әлия

Керемет!!!!

Myrza

Өте керемет!

Жанелья Торалы

Жүрек жарды пікірлеріңізге көп рахмет, көңілім көтеріліп қалды. Сіздерге алла жар болсын, аман- есен болыңыздар!

Аяжан

Әдемі өлең!

Садықбек Жанерке

04.02.2024 20:34
Өтеееее тамаша өлең екен маған ұнады

Садықбек Жанерке

Өте тамаша, керемет өлең екен маған ұнады автор өте керемет шығарған

Рамазан

Өте жақсы өлең

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар