Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (8)

Құлан кісінесе үйір жиналар.

Ілмектер: құлан, ел, халық

Құлан қайда семірсе,
Сол жерге түгін төгеді.

Ілмектер: мал, құлан, жер, семіру

Құлан өз қағынан өзі жерімес.

Ілмектер: құлан, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.

Ілмектер: адам, жылан, құлан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жаяудың жұлдызы болмас,
Қалың құлан жаусыз болмас.

Ілмектер: жұлдыз, құлан, жау

Ордалы құлан ақсағын білдіртпес.

Ілмектер: құлан, ақсақ

Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар.

Ілмектер: құлан, құдық, құрбақа

Атасы бұлан атпағанның
Баласы құлан атпайды.

Ілмектер: ата, бала, құлан, бұлан