Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Ел қариясы - ел қазынасы.

Ілмектер: ел, халық, қария, қазына

Құлан кісінесе үйір жиналар.

Ілмектер: құлан, ел, халық

Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.

Ілмектер: ел, ер, қорлық

Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.

Ілмектер: ер, ел, жер

Ерді ел теңгерер.

Ілмектер: ер, ел

Өз елім – өлең төсегім.

Ілмектер: ел, жұрт

Ер сыншысы - елі.

Ілмектер: сын, ер, ел

Батырдың қаһары - еліне қорған.

Ілмектер: батыр, ел, ер, Құлатай батыр

Ерлік - ел есінде.

Ілмектер: ерлік, ел, батырлық

Еліне сенген еңкеймейді.

Ілмектер: ел, сенім

Еңбегіңнен ел таныр.

Ілмектер: еңбек, ел

Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер.

Ілмектер: жаңбыр, ел, еңбек

Жанжалды елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.

Ілмектер: егін, ел, халық, жұрт, жанжал, жер

Еңбек — ердің көркі,
Ер — елдің көркі.

Ілмектер: ер, еңбек, ел

Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.

Ілмектер: ел, ер, дана, жанұя

Ел-елдің заңы басқа,
Иті қара-қасқа.

Ілмектер: ел, заң, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Ел қонбай, ит тынбас.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит, ел

Өз елін танымаған елге би болмас.

Ілмектер: ел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Соқырдан қарауыл қойсаң, еліңді жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң, еліңді дауға қалдырар.

Ілмектер: жау, қарауыл, соқыр, дау, ел

Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.

Ілмектер: ел, жігіт, батыр, қатын