Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "Көз жасы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көз жасы, жылау туралы мақал-мәтелдер
Ілмектер: Көз жасы, жылау, жас
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.
Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.
Жылау мен күлу – төркіндес.
Қайғы – пайдасыз,
Жылау – жәрдемсіз.
Баланың жылағаны –
Емшек сұрағаны.
Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі