Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (15)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"көру" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"көру" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "көру" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Кім тым алыс көрсе, жүрегі мазасыз. Алдын ала ештеңе туралы мұңаймаңыз және әлі жоқ нәрсеге қуанбаңыз.

Ілмектер: мысыр мақалы, көру, қуану, маза, мұң
WhatsApp Telegram

Білгеннен көргенің көп,
Көргеннен көрмегенің көп.

Ілмектер: білу, көру
WhatsApp Telegram

Көп жасаған көп білмейді,
Көп кезген көп біледі.

Ілмектер: білу, көру, кезу
WhatsApp Telegram

Өзіңді көрмей,
Етігіңді шешпе,
Етегіңді түрме.

Ілмектер: етік, етек, көру
WhatsApp Telegram

Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.

Ілмектер: ашу, білім, көру
WhatsApp Telegram

Сезген емес, көргеніңді айт,
Естіген емес, білгеніңді айт.

Ілмектер: сезу, көру
WhatsApp Telegram

Көп жасаған не білер,
Көп көрген сол білер.

Ілмектер: көру, білу
WhatsApp Telegram

Соқыр көргенінен жазбас.

Ілмектер: соқыр, көру
WhatsApp Telegram

Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.

Ілмектер: жек, көру, жақсы көру, жұмыс, салт-дәстур, әдет-ғұрып
WhatsApp Telegram

Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.

Ілмектер: жүру, көру, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Құлақ есіткенді көз көреді.

Ілмектер: құлақ, көз, есту, көру
WhatsApp Telegram

Көрген, көргенін істейді
Көсеу түрткенін істейді.

Ілмектер: көру, істеу
WhatsApp Telegram