Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (233) Ұлағатты сөздер (7)

Ассыз әңгіме болмас.

Ілмектер: ас, тамақ, тағам, әңгіме

Асығыс піскен асты жеген ауру болады.

Ілмектер: асығу, ас, тамақ, тағам, ауру, денсаулық

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыста соққан түйенің табы кетпес.

Ілмектер: ашаршылық, түйе, дәм, тағам, ас

Ашкөзге дүниенің асы жетпес.

Ілмектер: ашкөз, дүние, ас, тағам, тамақ

Ашқан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.

Ілмектер: қарын, тағам, тамақ, ас, аштық, тоқтық

Ашығып жесең, нан да шекердей көрінеді.

Ілмектер: аштық, ашығу, нан, шекер, ас, тағам, тамақ

Ашыққан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.

Ілмектер: аштық, тою, қарын, ас, тағам

Байғұстың асын «биссмилла» тауысар.

Ілмектер: байғұс, ас, тағам

Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.

Ілмектер: бақыр, қазан, ас, тағам, пайда

Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.

Ілмектер: ет, сорпа, ас, тағам, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Етпен қарын тоқ,
Ниетпен жаның тоқ.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Ас – адамның арқауы.

Ілмектер: ас, тағам

Ас ішерде керек,
Көлік көшерде керек.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, көлік