Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (60) Өлеңдер (165) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (68) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Пәлен жерде пайда бар,
Өз жеріңдей қайда бар?!

Ілмектер: туған жер

Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.

Ілмектер: туған жер

Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.

Ілмектер: туған жер, ер

Дарақ бір жерден көгереді.

Ілмектер: туған жер

Бақа батпағына, балық көліне

Ілмектер: бақа, балық, туған жер

Ел мен жер егіз.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, отан

Көп ел - сарқылмас көл.

Ілмектер: ел, туған жер, халық

Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.

Ілмектер: ел, халық, күш, туған жер

Көп біріксе - ел болар,
Көп тілегі көл болар.

Ілмектер: туған жер, ел, халық

Елің - панаң,
Жерің - анаң.

Ілмектер: ел, жер, туған жер, пана, ана

Өз елің өзекке теппесі.

Ілмектер: туған жер, ел

Ауылым - алтын бесігім.

Ілмектер: ауыл, бесік, туған жер, ел

Өз еліңнің иті де қадірлі.

Ілмектер: ел, туған жер

Туған жердің түтіні де тәтті.

Ілмектер: туған жер, түтін

Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.

Ілмектер: жер, туған жер

Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.

Ілмектер: жер, туған жер, халық, ел

Туған жерің түсіңе кіреді.

Ілмектер: туған жер, түс, ел, халық

Сарала қаз көлін сағынар.

Ілмектер: қаз, туған жер, ел, сағыныш, сағыну

Жеріне қарай жемісі.

Ілмектер: жер, жеміс, туған жер

Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, тас