Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (79) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Шілге тұзақ құрса да,
Тілге тұзақ құрмайды.

Ілмектер: тіл, тұзақ

Тілге шешен,
Іске мешел.

Ілмектер: тіл

Тәрбие тілден басталады.

Ілмектер: тіл, тәрбие

Малға кедей – жарлы,
Тілге кедей – сорлы.

Ілмектер: тіл, кедей, жарлы

Өтірікшінің шын сөзі зая.

Ілмектер: өтірікші, сөз, тіл

Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, тіл, ащы

Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.

Ілмектер: тіл, еңбек, күш, іс

Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.

Ілмектер: жол, бәле, тіл

Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.

Ілмектер: қол, пәле, тіл

Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.

Ілмектер: адам, тіл, тас, сөз

Тілге шешен, күшке мешел.

Ілмектер: тіл, шешен, күш, мешел, еңбек

Сүйрендеген жаман тіл,
Сүйгеніңнен айырар.

Ілмектер: тіл

Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.

Ілмектер: тіл, салт-дәстур, әдет-ғұрып, қан

Сөз шыңды табар.

Ілмектер: тіл, сөз, сөз өнері

Сөз асылы мақал.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Сөз түбін сөз табар.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Өлең — алтын,
Сөз — күміс.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, өлең, алтын

Сөз жіп, созсаң кете береді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл