Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (64) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (113)

Туысқан өкпеге тепсе де өлімге қимайды.

Ілмектер: туысқан, өкпе, өлім

Өлім деген – ұзақ жолдың алысы.

Ілмектер: өлім, жол

Өлім байдың барын шашады, жоқтың артын ашады.

Ілмектер: өлім, бай

Мысықтың өлімі - тышқанға той.

Ілмектер: өлім, мысық, тышқан, той

Өлім деген - ұзақ жолдың алысы.

Ілмектер: өлім, жол, алыс

Ажалды киік адырға қашады.

Ілмектер: өлім

Ажалды киіктің
Аяғы тыныш жатпайды.

Ілмектер: тағдыр, өлім

Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.

Ілмектер: мал, өлім, молда

Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін.

Ілмектер: қайрат, өлім, күш

Өлім байдың малын шашады, жоқтың көтін ашады

Ілмектер: өлім, дүние

Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.

Ілмектер: сөз, тіл, өлім

Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.

Ілмектер: сөз, өлім, тіл

Өлген — моладан қорықпайды.

Ілмектер: өлім, қорқу, мола, денсаулық

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Ілмектер: өлім, өмір

Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

Ілмектер: тілек, өлім

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Ілмектер: өлім, өмір

Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.

Ілмектер: өлім

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.

Ілмектер: өлім, көр, тірі

Өлімнен қорлық жаман.

Ілмектер: жаман, өлім