Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Жастар" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Жастар" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз... Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз.
Ілмектер: жастар, тағдыр Баубек Бұлқышев
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Ілмектер: тәуелсіздік, жастар, ел, дәулет, достық Нұрсұлтан Назарбаев
Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Ілмектер: кітап, ұстаз, жастар, әдет, өмір, білім Серке Қожамқұлов
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
Ілмектер: махаббат, құмарлық, сенімділік, жастар Цицерон
Жастар армандайды. Кәрі адамдар еске алады.
Ілмектер: жастар, кәрі, арман Луи Арагон
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі